Текст
Елімізде жыл сайынғы «Мектепке жол» акциясы басталды. Биылғы жылы акция «Бар мейірім балаға» ұранымен өтіп жатыр. Акция аясында әлеуметтік жағынан осал отбасы балаларына мектеп формасымен, аяқ киіммен және кеңсе тауарлармен қамтамасыз етіледі. Акцияны ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы штабтар құрылып, Білім Басқармаларында жедел желі нөмірлері іске қосылды. Көмекке мұқтаж ата-аналар жедел желіге қонырау соғу арқылы өтініш бере алады.
Қайырымдылық жасауға кеш қалма, акцияға өз үлесінді қос!