Текст
10 тамыз – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысының толықтырылуымен «Абай күні» ретінде 2020 жылы белгіленген дәстүрлі мереке. «Абай күнін» атап өту хакім, ойшыл Абай Құнанбайұлы мұрасын ұрпақ санасында жаңғыртуды, ақын ілімі негізінде азаматтық ұстанымын қалыптастыруды мақсат етеді. "Абай күні" аясында «Абай мұрасы – ұрпаққа өнеге» атты тақырыбына онлайн түрінде оқушылар арасында конференциясы өтті. Абай күнін атап өту білім алушыларды мектеп қабырғасынан бастап ұлтжандылыққа тәрбиелеп, ұлттық сана-сезімді бойларына сіңіру, қазақ халқының төл мәдениеті мен рухани мұрасын құндылық ретінде сақтап, бәсекеге қабілетті зияткер тұлғаны қалыптастыруға бағытталған. Өткізген Дюсекеева Ж.Е.