Текст
7 қыркүйек күні 1-11 сыныптар арасында «Алтын күз» атты жеңіл атлетикалық іс-шара өтті.
Мақсаты: балаларды спорттық эстафеталар, спорттың әртүрлі түрлерінен жарыстар сияқты сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыру формаларына тарту арқылы салауатты өмір салтына ұмтылатын ұрпақ тәрбиелеу.
1-4 сыныптар арасында «Көңілді старттар» өтті. Балалар түрлі спорттық эстафеталарды көрсетті. Сайыс барысында балалардың достық қарым-қатынасы, ауызбіршілігі байқалды. 5-11 сынып балалары денсаулық милясын өткізді, оған барлық оқушылар қатысты.