Текст
Бүгін, қарттар күніне орай мектеп оқушылары «Сол ұрпақтармен кездесу» атты концерттік бағдарламамен ауыл тұрғындары алдында өнер көрсетті. Оқушылар аталар мен әжелердің алдында ән айтты, би биледі, күлкілі бағдарламамен өнер көрсетті. Мақсаты: мейірімділікке, аға ұрпақты сыйлауға, жақын адамдарды (ана, әке, әже, ата) сыйлай білуге тәрбиелеу.