Текст
«Компьютерлік желіден кітап әлеміне» тақырыбында сынып сағаттары өтті. Мақсаты: балаларды компьютерлік ойындардың зиянды әсерімен таныстыру, интернетке тәуелділік туралы түсінік беру; дербестік, білуге құштарлық сияқты мінез-құлық қасиеттеріне оң көзқарас қалыптастыру; талқылауға қатысу дағдыларын дамыту; балалардың ой-өрісін кеңейтуге, кітап оқуға, өзін-өзі тануға, өзін-өзі дамытуға, өзін-өзі жетілдіруге деген сүйіспеншілікті ояту.