«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі  Первомайка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 
Коммунальное государственное учреждение   "Общеобразовательная школа села Первомайка отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

 

      

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Коучинг

14.01.2020

Коучинг тақырыбы: Сабақтағы кері байланыс.
Оқытудың мақсаты: Мұғалімдерге сабақтағы кері байланыс жайлы, оның классификасиясы, әдістері жайлы мәліметтер алуға жағдай жасау.
Оқушылардың көңіл – күйіне, сабақтағы іс - әрекетке, оқу материалдарына рефлексия жасау жолдарын жоспарлауды бірлесіп қарастыру.
Күтілетін нәтиже: Мұғалімдер сабақтағы кері байланыс жайлы, оның классификасиясы, әдістері жайлы мәліметтермен таныс болады. Кері байланыстың мәнін, оның түрлерін түсінеді. Оқушылардың көңіл – күйіне, оқу материалдарына қалай кері байланыс жасау керектігін біледі.
Жүру барысы:
І. Ұйымдастыру. а) Сәлемдесу, қатысушыларды ортаға шақыру.
Тренинг өткізу. «Суретші» Қатысушылардың екі адамнан жұптасуын сұрау.
Қатысушылар екі адамнан бір - біріне қарама - қарсы тұрады. Олар құшақтасақан күйі бірінің арқасына бірі ақ парақты қойып сурет салады. (Не салып жатқанын өздері көре алмайды) Енді осы суретті бір - біріне сыйға тартады. Әр топқа бір сурет беріледі.Онда гүлдің,күннің,жемістің суреті бейнеленген.
ә) Ұқсас суреттер бойынша топқа бөлу. Мұғалімдер төрт - төрттен топқа бөлінеді
ІІ. Негізгі бөлім
1) Бастапқы кері байланыс. Көңіл - күй мен эмоциялық жағдайға кері байланыс. Мұғалімдердің коучингке эмоциялық тұрғыдан дайындығын байқау.

2) Бірлескен талдау. «Миға шабуыл»
- Қалай ойлайсыздар, сабақтағы кері байланыс немесе рефлексия деген не?
- Кері байланыстың (рефлексияның мақсаты) мақсаты не?
- Кері байланыстың қандай түрлерін білесіздер?
- Қандай әдіс - тәсілдері бар? Қатысушылар кері байланыстың қажеттілігі жайлы бір - бірімен ойларымен бөліседі.
3) Қызығушылығын ояту. Мұғалімдерге «Данышпан мен адам» атты аңызды әңгімелеп беру.                                              «Данышпан мен адам»
Ертеде бір данышпан өмір сүріпті. Ол бәрін біледі екен. Ал бір адам оны көре алмапты. Елдің көзінше оның да бірдеңені білмейтінін дәлелдегісі келіпті. Бірде көп адамдар отырған жерде әлгі адам алақанына бір көбелекті қысып ұстап тұрып, данышпаннан «- Айтшы данышпаным, менің қолымдағы қандай көбелек, тірі ме? өлі ме?» - деп сұрайды. Ол өзі ішінен «Егер тірі десе - мыжып жіберемін, ал егер өлі десе - онда қоя беремін.» деп ойлап тұрады. Данышпан болса, сәл ойланып тұрып «бәрі сенің қолыңда» депті.
Аңызда айтылғандай баланың (оқушының ) өзін табысты, алғыр сезінуінің бәрі біздің қолымызда екен.
4) Сабақтағы кері байланыс. Слайдтар
Слайд арқылы мұғалімдерге сабақтағы кері байланыс жайлы, оның классификасиясы, формасы жайлы мәліметтер беру.
• Көңіл – күй мен эмоциялық жағдайды анықтауға арналған кері байланыстың әдіс – тәсілдер: Көңіл – күйдің алуандығын білдіретін әртүрлі суреттер, түрлі - түсті карточкалар, бет әлпетті бейнелейтін карточкалар (смайликтер), көңіл - күйді бояу түстерімен анықтау. («Ауа райы», «Бағдаршам»т. с. с
Мысалы: «Алма ағашы» әдісі
Оқушыларға сабақ басында екі түсті “алма” беріледі. Сабақ соңында оны алма ағашына ілу керек. Жасыл түсті алма – мен бүгін бәрін жақсы орындадым деп ойлаймын: менің көңіл – күйім көтеріңкі. Қызыл түсті алма – мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл – күйім жоқ.
Немесе «Бір сөзбен» әдісі - Оқушылар өздеріне берілген 12 сөздің ішінен, өздерінің бүгінгі сабақтағы жағдайын сипатайтындай 3 сөзді таңдап айтады.
*Төзімсіздік, *Ашу, * Қуаныш, * Немқұрайлылық,*Қанағаттану, *Шабыт,
*Зерігу,* Алаңдау, * Тыныштық, * Сенімділік, * Сенімсіздік, *Рахаттану.
• Сабақтағы іс - әрекетке кері байланыс.
(Мысалы: «Табыс сатысы» әдісі: кәдімгі сатының суреті, сатының 1 - ші баспалдағы *Мен.............. БІЛЕМІН*, 2 - ші баспалдағы *мен.................. ТҮСІНЕМІН*, 3 - ші баспалдағы *Мен............. ЖАСАЙ АЛАМЫН* )
«Таңдау» әдісі.
1. Мен сабақ қызықты _____________ қызықсыз болды деп ойлаймын.
2. Мен сабақта: үйрендім көп нәрсені _____________ үйренгенім аз болды.
3. Мен басқаларды мұқият ______________ зейінсіз тыңдадым.

4. Мен пікірсайыстарға жиі ______________ сирек қатыстым
5. Мен сабақтағы өз жетістіктеріме ризамын ____________ риза емеспін.
Бұл карточканы таратып бергенде оқушылар өздерінің сабаққа қатысу деңгейі мен сабаққа деген ынтасын білдіретін сөйлемдердің бірінің тұсына « +» белгісін қою тапсырылады.
• Оқу материалының мазмұнының рефлексиясы (кері байланысы)
- Аяқталмаған сөйлем әдісі; тезистер беру; афоризм таңдау
- “Бұрын мен білмеуші едім,.. Енді мен білемін” деген сияқты ой - пікірлеріңді білдіру.
- “Синквейн” әдісі, оқушының оқып отырған тақырыпқа қатысты іс - әрекетін
анықтауға, бұрынғы білім мен жаңаны түсінудің арақатынасын жалғастыруға мүмкіндік береді. Мысалы: “Аяқталмаған сөйлемдер”
* Бүгін мен...................... білдім *................. қызықты болды. *.......................... қиын болды.
*..................... тапсырманы мен орындадым. *......................... екенін түсіндім.
* Мен енді....................... білемін. * Мен............................... сезіндім
*Мен..................................... білім алдым. * Мен......................................... үйрендім.
*................................. менің қолымнан келді. * Мен...................................... жасай алдым
* Мен.................................... жасап көруге талпынамын. *.................. мені таң қалдырды. * Сабақ менің өміріме..... берді. * Менің............. жасағым келді

«Плюс, минус, қызықты»
«Плюс» - оң әсер еткен фактілерді, алған, білімдері жайлы жазады.
«Минус» - “қолымнан келмей жатыр” немесе “ түсініксіз болып тұр ” деген ойларын жазады.
«Қызықты»- деген бағанға өздеріне не қызықты болды соны жазады, немесе не жайында көбірек білгісі келеді, соны жазады.
 

6) « Кері байланыс- сабақтағы  маңызды үрдістің бірі ».

3 топ осы тақырыпта өз жұмыстарын қорғайды.

Жұмысты түрлі бағытта қорғау ұсынылады. Әрбір топ ерекше бір кері байланыс түрін ойлап табу.Ал өзім қатысушыларға «Кері байланыс бутерброды» туралы ойымды ортаға саламын.Мұғалімдермен диалог арқылы қарым-қатынас орнатамын.Ақпараттың қандай түрлері бар?Қандай ақпаратты бірінші естігілеріңіз келеді? Неліктен? және т.с.с

 

 Әдіс ұнады ма? Несімен ұнады/ұнамады?

  1. Бұл әдістің қандай тиімді/тиімсіз тұстары бар?
  2. Не қиын болды? Неге?
  3. Бұл техниканың  тиімділігі/тиімсізі неде?

5)  Синквейн Сinquain

Синквейн немесе бес жолды өлең стратегиясы

Оқушы берілген тапсырма бойынша өлең құрастырады. Бес жолды өлеңді құрудың ережесі мынадай:

Кім?                           Кері байланыс

Қандай?                     Ауызша, зжазбаша

Не істеді?                  Бағалайды, көмектеседі, қолдайды.

Түйін                         Кері байланыс

 

ІІІ. Қорытынды кезең.
• Сабақ соңындағы кері - байланыс.  «Бес саусақ»

«Бестік» кері байланыс.Қағаздың бетіне өз саусағыңыздың саусақтарын айналдыра сызыңыздар.

Әр саусақтың – өзінің орны /позициясы/ бар, солар бойынша өз оларыңызды айтасыздар.

Бас бармақ – мен үшін маңызды және қызық

Сұқ саусақ – маған қиын болды

Ортаншы саусақ – маған жеткілікті болмады

Төртінші саусақ – менің көңіл күйім

Бесінші саусақ – менің ұсынысым

Дайындап өткізген қазақ тілі мұғалімі Ұзақпай Г.Ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 273


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст