Текст
Бірінші сыныпқа қабылдау үшін өтініш беру 1 сәуірде басталып, тамыздың 1 не дейін жалғасады. Мемлекеттік білім беру қызметі egov.kz электрондық үкімет веб- порталы арқылы мен жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жүйелерінде қолжетімді.
Балалар бірінші сыныпқа алты жастан бастап ата-анасы немесе заңды өкілінің өтініші негізінде қабылданады.
Өтінішпен бірге N065у формасындағы денсаулық жағдайы туралы анықтама,
026/у - 3 баланың денсаулық паспорты және баланың екі дана 3х4 фото суреті болу керек.
Өтініш демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін қабылданады.
Сондай – ақ 1-2 сәуір демалыс күндері, демек өтініштер 3 сәуірден бастап қаралады.
Телефон : 8 716 41 29 3 46