Мейірім төгетін АНА!
Сара Алпысқызы Назарбаеваның туған күніне арналған іс-шаралар аясында оқушыларға Ел анасы туралы ауқымды ақпарат беру, оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі жетілдіру арқылы болашаққа құштарлығын дамыту. Бүгінгі «Өзін- өзі тану» пәнінің негізгі авторы С.А.Назарбаеваның туған күніне арналған «Мейрімін төгетін ана» атты кітаптар көрмесін жасадым. Сара Алпысқызы Назарбаева 1941 жылы 12 ақпанда Қарағаңды облысы, Бұқар жырау ауданының Қызылжар ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, мамандығы инженер-экономист. Қоғам қайраткері. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың зайыбы. Қарағанды металлургия комбинатанда, «Қарағанды көмір» ӨБ-де жұмыс істеді. 1992 жылдан «Бөбек» балалар қайырымдылық қорының президенті, негізін қалаушы. Адам баласынан мейірім қашса, жер бетінен жақсылық қашады» - деген екен данышпан халқымыз. Қазіргі жастар тәрбиесінде жүректі ізгілендіру, жүректі нұрландыру арқылы адам жанына әсер ету үрдісі кең қолданылып келеді. Кезінде Абай атамыз да өзінің қара сөздерінде «Тірі адамның жүректен аяулы жері жоқ» - деген. Адамшылық, мейірбандық қасиетті бойына сіңіріп, әрбір адам баласын «өз бауырым» деп ойлауы керек.
Мейірімділік дегеніміз не?
Мейірімділік – ол басқалардың игіліг үшін қамқор болу.
Мейірімділік адамдармен, жануарлармен, табиғат пен қарым-қатынаста байқалады. Шынайы мейірімді болу-өзіңнен гөрі адамдар мен айналаны қоршағандарға қамқор болу дегенді білдіреді. Ол рақымшылдық пен аяушылық. Мейірімді кісі әрқашан басқаларға көмекке келіп, әр кез жақсылық жасағысы келіп тұрады. Сөзімді аяқтай келе мейірімді болайық, бір-бірімізге үнемі қол ұшын созайық, тарылмайық, жолы сәтсіз болған жандарға дұрыс жол сілтейік дегім келеді және М.Мақатаев ақынның «Мейірім бер, қымбаттым» атты өлеңімен аяқтаймын:
Жарылқама!
Берме маған жауыздықтың семсерiн,
Мейiрiм бер, мұңайғанда жасың сүртем мен сенiң.
Мейiрiм бер,
Мейiрiм бер, жүрегiмдi тас қылма,
Үйдегi Ана мейiрiн бер түзде жортқан қасқырға
Кітапханашы Жанарбкқызы Қуаныш