Текст
1992 жылдың 4 маусымы – еліміздің тарихындағы айтулы күн. Бұл күні Қазақстанның Тәуелсіздігі мен бірегейлігін бейнелейтін мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілді. Егемендіктің мызғымас іргетасы – Ту, Елтаңба, Әнұран әлемге Қазақстан Республикасы деген мемлекетті танытты.
2007 жылы 4 маусымда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» конституциялық заң қабылданды, ол Конституцияға сәйкес мемлекеттік рәміздердің сипаттамасы мен ресми қолдану тәртібін белгілейді.
Осы Заңға сәйкес Қазақстанда жыл сайын 4 маусым Мемлекеттік рәміздер күні болып тойланады.
Тәуелсіздігіміздің қасиетті рәміздерін қастерлеу – әрбір қазақстандықтың парызы.