«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі  Первомайка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 
Коммунальное государственное учреждение   "Общеобразовательная школа села Первомайка отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

 

      

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ғажайып алаңы

12.02.2020

"Первомай орта мектебі" ММ -де Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына арналған 5-9 сынып оқушылары үшін ғажайыптар алаңы өтті.      

Тақырыбы: «Ғажайып алаң»

     Мақсаты: Елімізде тұратын ұлттар мен ұлыстардың арасындағы достық пен ынтымақты дәріптеу, Қазақстанға деген патриоттық сезімін ояту. Өзара жағымды қарым – қатынасты дамыту,ойлау қабілеттерін дамыта отырып, Қазақстанда тұрып жатқан басқа ұлт өкілдерінің Қазақстан халқына деген сыйластығын, ұлттық қатынасын нығайту, өзара достықты, Отанын құрметтеуге тәрбиелеу.
          Музыкалық сәлемдеме: Қошшыбай Махаббат «Ассалаумалейкум» әні.

Сәлеметсіздер ме, құрметті кеш қонақтары және оқушылар! Бүгінгі біздің «Ғажайып алаң» атты ойынымызға қош келдіңіздер!
     Бұл ойын Қазақстанда тұратын барша ұлт өкілдері туралы  болмақ. Қазақстан халқы Ассамблеясы - 1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен Мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев  Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы  Тәуелсіздіктің бірінші жылына арналған Қазақстан халқының бірінші форумында жариялады. 2008 жылғы 20 қаңтарда еліміздің Президенті «Қазақстан халқы ассамблеясы» туралы әлемде баламасы жоқ заңға қол қойды. Сөйтіп, Қазақстан халқы Ассамблеясы еліміздің саяси жүйесінің толыққанды бөлігіне айналды. Басында тек руханият, тіл және мәдениет саласындағы іс-шаралармен ғана шектеліп қалуға тиіс ассамблея қызметінің нормативтік-құқықтық негіздері айқындалып, саяси өмірге де араласуға бет алды. 

   Ассамблеяның мақсаты – қазақ халқының топтастырушылық рөлін арқау ете отырып, қазақстандық патриотизм (қазақ патриотизмі емес екенін белгілі), Қазақстан халқының азаматтық және рухани-мәдени саласын одан әрі дамытуға, бәсекеге қабілетті ұлтты қалыптастыру процесінде республикадағы этносаралық келісімді қамтамасыз ету. 

   Ойынның шарты:

-Ойын 5 кезеңнен тұрады;

-Ойынға 5-9 сынып оқушылары қатысады;

-Алғашқы 1, 2, 3 кезеңнен  сүрінбей өткен оқушылар финалға жолдама алады;

-Ал финалдан жеңіске жеткен оқушы, ең соңғы «Супер ойынға» қатысады;
    Олай болса, біз ойынға қатысушы оқушыларымызбен таныс болайық.

  1. – үштікпен таныс болыңыздар.

1)Камарадинова Перизат

2)Алдыбек Мұхаммед

3)Қошшыбай Дидар

Тапсырма:

Демалысқа ұмтылатын туристер арасында өте танымал. Бұл елде теңіз, күн, экзотикалық жануарлар, архитектуралық ескерткіштер және т.б. бар. Бұл ел Жерорта теңізін, Ақ теңіз деп атайды. Шын мәнінде, қызғалдақтардың туған жері. 17 ғасырда бұл елде  кофе ішуге тыйым салынған. Заңды бұзушылар өлім жазасына кесілген. Үш әскери төңкеріс болды.  2001 жылы  өлім жазасы жойылды, бірақ 1984 жылдан бастап бірде-бір адам өлім жазасына кесілген жоқ. Армиясы  Еуропадағы ең қуатты күштердің бірі деп танылды.Бұл қай халық деп ойлайсыздар?

Т

Ү

Р

І

К

Студияға сыйлықтар әкелінсін.

 

 

 

Көрермендерге арналған тапсырма:

Славян халықтарына тән ұлттық тағамдардың арасында  асы өте кең таралған. Құрамы мен дайындау тәсілдері жөнінен олар белорус және поляк тағамдарына ұқсас. Бірақ, оларды ежелден белгілі деуге болмайды. Өйткені, бұл тағамдардың тарихы төрт ғасырға ғана созылады. Тағамдары 18-ші ғасырда толық қалыптасып болды. Олардың кейбіреулері, мысалы, борщ пен вареник күллі әлемге танымал және оларды әркім де сүйсіне жейді.  Бұл қай халық?

У

К

Р

А

И

Н

Студияға сыйлықтар әкелінсін.

2 – үштікті қарсы алыңыздар

1)Совет Ғалия

2)Маилибаева Сүндет

3)Парахат Қанат

Тапсырма:
        Қазақстанға тарихи депортация кезінде қоныс аударған,бүгінде өзіндік тарихи-мәдени мұраға бай, халықтық элементтері мен санғасырлық ұлттық  салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын өз дәрежесінде сақтап қалған, ата салтының мол қазынасын дәріптей білген ұлт ретінде қадірлі. Қазақстандағы бұл ұлт өкілдері христиан дінін ұстанады. Ал негізінен бұл ұлттың көп бөлігі будда дінінің өкілдері. Ежелгі дәуірде  шаман дінін ұстанып, табиғат құдіретіне табынған.

К

Ә

Р

І

С

Студияға сыйлықтар әкелінсін.

Көрермендерге арналған тапсырма:

Қыз кетерде бүкіл ауылды аралап қоштасуы керек. Күйеу бұл кезде балаларға конфет, ұсақ ақша, жаңғақ шашады. Ол біздің өміріміз тәтті, бай-бақытты болып өтсін деген тілекті білдереді. Қалыңдық күйеудің үйіне кірерде  «Төкке аяғың билән кил» (төрге оң аяғыңмен кір) десіп тілек білдіріседі. (қазақта да келін оң аяғымен кірсін деп жатады). Ол келіннің аяғы құтты болсын, байлық-бақыт ала келсін деген тілекті білдіру болып саналады. Келін түскеннен 1-2 күннен кейін келінге су жолын көрсету рәсімі басталады. Жас келінді күйеудің жақын қарындастары мен жеңгелері суға апарып сәлем жасатады. Жас келін суға мінәжат жасап суды төкпей-шашпай иін ағашпен үйге әкелуі керек. Еріп барғандар келіннің ептілігін, сыпайлығын, еңбексүйгіштігін бағалайды. Бұл қай халықтың дәстүрі?
 

Т

А

Т

А

Р

Студияға сыйлықтар әкелінсін.

Музыкалық үзіліс: 9 «А» сынып қыздарының «Орыс биін» тамашалайық!

  1. – төттікті қарсы алайық

1)Мазыбеков Айболат
2)Нұрадін Бейбіт

3)Бектибаев Абай

4)Тұрдымұратов Мейрімхан

Тапсырма:

Бұл халық аса ұқыпты, іске тиянақты, әр сағатын, тіпті әрбір минутын пайдалы іске жарататын, бос сөзден гөрі нақтылы істі жақсы көретін халық. «Неғұрлым өнімді жұмыс істесек, соғұрлым жақсы демаламыз» деп есептейді. Күн демей, түн демей, талмай, шаршамай еңбек ету, байлықты еңбек арқылы жасау бұл халқының ежелгі дәстүрлерінің бірі. 

 Қазақстанда тұратын бұл халықтың өз араларында тойлайтын ұлттық мейрамдары бар. Мысалы, аптаның соңғы күндерінде «ата-аналар күні» деп аталатын мейрамын тойлайды. Қайтыс болған кісілердің аруақтарына бағыштап түрлі тәтті тоқаштар мен бәліштер пісіріп, туыстарына таратады. Бұл қай ұлт?

 

Н

Е

М

І

С

Студияға сыйлықтар әкелінсін.

Музыкалық үзіліс: 6-7 «А» сынып қыздары «Заманауи би» қарсы алайық!

Финал
Студияға үш кезеңнен сүрінбей өткен қатысушыларымызды шақырамыз
Тапсырма:
        Ата-ана өздерінің ұлын үйлендіру қамын әрқашан ойластырып жүретін. Болашақ келінді бала кезінен іздестіре бастайтын. Құдаларды өнегелі, құрметті, текті жерден іздестіретін. Құда түсудің салт-дәстүрлері бойынша арнайы рәсім өткізілетін.  Бұл қай халықта өткізілетін салт – дәстүр деп ойлайсыз?

Қ

А

З

А

Қ

Супер ойын

Шахматтың отаны. Ежелде оларды «четуранга» (яғни піл, ат, пешкалармен тікелей байланысты) деп атаған. Аудармасында «төрт әскери жасақ» дегенді білдіреді. Киімнің түсі мен түрін үйлестіріп кию өте маңызды. Қыздарының мінезін шаш күтіміне қарап анықтайды.   80 пайызы индуизм бағытын ұстанады. Ал қалған 13 пайызы мұсылмандар. Әлем бойынша мұсылмандар санынан Индонезия мен Пәкістаннан кейінгі үшінші орынды иеленеді.Бұл қай ұлт?

             Ү

              Н

               Д

                І

 

       Бүгінгі жеңімпазымызды құттықтайық.Сонымен бүгінгі «Ғажайып алаң» ойынымыз өз мәресіне жетті. Уақыт бөліп, қошемет білдіргендеріңіз үшін көп – көп рақмет! Сау болыңыздар!

Просмотров: 289


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст