Текст
2023 жылдың 31 шілдесінде «Достық» жазғы мектеп алаңында Қоштасу күні өтті.
Мақсаттары мен міндеттері:
- лагерь ауысымының қорытындысын шығару;
- балалардың бос уақытын әртараптандыру, лагерь ауысымын жылы, достық жағдайда аяқтау;
- балаларға лагерь өмірінде болып жатқан оқиғаларға қатысу сезімін ояту;
- шығармашылық, ойын және қарым-қатынас дағдыларын дамыту.
Қорытынды: балалармен көңілді гимнастика өткізілді. "Қоштасу аккорды"атты салтанатты концерт болды. Балалар "Қош бол лагерь" коллажын жасады. Ашық ауада ойын-сауық ойындары өткізілді. Барлық жұмыс достық қарым-қатынасты қалыптастыруға бағытталған.