11.08.2023 ж
Достық күні
Мақсаттары мен міндеттері: ойын қызметін ұйымдастыру; байқампаздық, ептілік дамыту; табиғатқа деген сүйіспеншілікке, адамгершілік қасиеттерге, ұжымшылдық сезіміне тәрбиелеу.
Қорытынды: күннің басында «Көңілді таң» жаттығулары орындалды. Балалармен «Жаз бізге барлығын сыйлады!» ойын-саяхаты өткізілді.Ойын барысында балалар өз эмоцияларын айтып, жазғы әсерлерімен бөлісті, жазғы саяхаттары туралы әңгімеледі.
«Әлсіз?!» сайысында Балаларға жұмбақ сайысы ұсынылды.Ойлап болған соң, балалар маңызды белгілерді бөліп көрсете отырып, болжам салу керек болды. Балалармен «Достық биі» флешмоб ұйымдастырылды. Балалар ұлттық киім бейнеленген суретті таңдап, осы ұлттық биді орындауға тырысты. Балалар өз өнерлерін көрсетіп, тапсырмаларды белсеңді орындады. .