Текст
05.09.23 ж.Қазақстан халықтарының Тілдер күніне арналған "Тіл-тірек"тақырыбында сынып сағаттары өтті.
Мақсаты: оқушыларды ҚР әрбір азаматының ана тілін қолдануға, қарым-қатынас, тәрбие, оқыту және шығармашылық тілін еркін таңдауға құқығы бар екендігімен таныстыру.
Міндеттері: әртүрлі ұлттардың тілдері, дәстүрлері туралы білімдерін кеңейту. Ана тіліне және өз еліне деген сүйіспеншілік пен құрметке тәрбиелеу. Мемлекеттік тілді білуге деген қызығушылықты ояту, халықтың мәдени мұрасын зерделеу арқылы патриотизмді қалыптастыру.