Текст
01.11.2023 жылы «Кітап – білім бұлағы» балалар кітапханасы жобасы аясында күзгі демалыс кезінде оқырмандармен сыныптан тыс іс-шара кездесу, пікірталас өткізілді. 3 «Б» және 4 «Б» сынып оқушылары арасында оқылған кітаптардың саны.
Мақсаты: кітаптың білім мен даналық көзі ретіндегі маңызын ашу; кітап оқуға деген сүйіспеншілікті ояту; балаларды кітаптың шығу тарихымен таныстыру; қызығушылығын, кітапты құрметтеуге тәрбиелеу.
Оқушылар кітап оқып, оқыған шығармалары туралы әңгімелесті. Ертегі кейіпкерлері туралы жұмбақтарды тауып, ертегіге байланысты жұмбақтар құрастырды, ертегі кейіпкерлерінің суретін салды.