«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі  Первомайка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 
Коммунальное государственное учреждение   "Общеобразовательная школа села Первомайка отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

 

      

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Өзін -өзі тану сабағы -"Отбасы татулығы"

18.09.2020

 Күні:18.09.2020

Пән:Өзін – өзі тану

Сынып:5

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы: Отбасы татулығы

Оқу мақсаттары

Жақын адамдарға құрмет. Отбасындағы үлкендер мен кішілердің арасындағы өзара қарым-қатынас ерекшеліктері.

Сабақ мақсаттары

Барлығы: Жақын адамдарына құрмет көрсетеді.
Көпшілігі:Отбасындағы жандарға қол ұшын береді.
Кейбірі:Отбасындағы үлкендер мен кішілердің арасындағы қарым – қатынас ерекшеліктерін ескере отырып,өмірмен байланыстырады.

Құндылықтар

Отбасын сыйлап,қастерлеуге,бір – біріне деген бауырмалдық қасиеттерге баулу.

Дәйексөз

Ана алдында – құрмет,

Ата  алдында – қызмет.

Пәнаралық байланыс

Қазақ әдебиеті

Әдіс – тәсілдер

Сұрақ – жауап,түсіндіру,талдау,бағалау.

АКТ- ны қолдану

Суреттер,бейнежазбалар

 

САБАҚ БАРЫСЫ

Жоспарланған уақыт

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу,түгелдеу.

Қызығушылықты ояту. «Отбасы» туралы бейнежазба көрсетеді. Бейнежазба бойынша сұрақтар қояды:
1. «Бақытты отбасы» деген ұғымды қалай түсінесіңдер?
2. Екі көршіні көргенде қандай ой түйдіңдер?Қай көршінің жұмысын бағалайсыңдар?Қай көрші өзгеге үлгі боларлықтай?
3. «Бақытты отбасы»  қандай болуы керек?

Дәйексөзбен жұмыс жасалады
Ана алдында – құрмет,

Ата  алдында – қызмет.
Мақал  - мәтелдердің жалғасын табуды ұсынады:
-Атаға қарап – (ұл),анаға қарап (қыз) өсер
-Атаның баласы болма,(адамның баласы бол)
-Ұяда не көрсең,(ұшқанда соны ілесің)
-Ата көрген оқ жонар,(ана көрген тон пішер)
-Ананың сүті – бал,(баланың тілі – бал)
-Туған үйдің түтіні жылы,(туған ананың күтімі жылы)
-Анаңа ауыр сөз айтпа,(атыңа ауыр жүк артпа)
-Әке -асқар тау,(ана – бауырындағы бұлақ,бала – жағасындағы құрақ)

Оқушылар  мұғаліммен сәлемдеседі.




Оқушылар бейнежазбаны тамашалап,сұрақтарға жауап береді.



 

Оқушылар дәйексөздің мағынасын ашып,түсіндіреді.

 

Оқушылар мақал – мәтелдердің жалғасын тауып,қандай мағына беретінін айтады.

 

https://ds04.infourok.ru/uploads/ex/0d34/000e518b-dafa38c3/img16.jpg

 

 

 

 

https://cf.ppt-online.org/files1/slide/e/E39ZH1tJoeFKNx7QUOuPTCD2sgrXLqkVmA4zYGS6bp/slide-5.jpg

 

Ортасы

Мәтінмен жұмыс
«Әжесін қайсысы жақсы көреді» деп аталатын мәтінді оқуға береді.
Мәтін бойынша сұрақтар қояды:
1.Дәрігер Болаттың іс – әрекетіне неліктен риза болды?
2.Болаттың әжесіне деген сүйіспеншілігі қандай әрекеттер арқылы көрінеді?
3.Отбасындағы сыйластыққа қалай қол жеткізуге болады?
4.Отбасындағы татулықты қалай сақтауға болады деп ойлайсыңдар?Сендер отбасы мүшелеріне қандай құрмет көрсетесіңдер?

Оқушылар мәтінді оқып,сұрақтарға жауап береді.Әжелерін қалай жақсы көретіндерін,отбасы татулығын қалай сақтайтыны,қандай құрмет,сезімдері бар екені  туралы ой бөліседі.

 

 

Соңы

«Еркін жазу» әдісі бойынша «Менің отбасым» тақырыбында әңгіме құрастырып,сабақтан қандай әсер алғандары туралы жазуға береді.
Сабақ соңында «Отбасы деген не?» сұрағын қоя отырып,бейнежазбаны тамашалауды ұсынады.
 

Оқушылар өздерінің отбасы туралы әңгіме құрастырып,мазмұндап,

сабақтан алған әсерлерімен бөліседі.

 

 

 

Үйге: «Отбасы» тақырыбында шағын мәтін құрастырып келу.

Просмотров: 324


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст