Өзін-өзі тану сабағының жоспары
Мектеп: Первомай орта мектебі
Мерзімі: 18.09.20
Мұғалім: Душалова.Ч.У
Сыныбы: 1 Оқушы саны: 8 №
Тақырыбы: Менің отбасым
Құндылық: адамгершілік
Қасиеттер: жақсылық,жанашырлық,мейірімділік
|
Ресурстар |
Мақсаты: -Әке,ана,әже,тегі туралы ұғымын кеңейту; -Отбасындағы сыйластық,ынтымақ,бірлік сияқты қарым-қатынастыққа үйрету; -Туыстарына,жақындарына сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу. Міндеттері: -жақсылық жасаудың маңыздылығын түсіндіру -жанашырлық қасиеттерін дамыту - оқушыларды жақсылыққа,жанашырлыққа,мейірімділікке тәрбиелеу |
Оқулық ,дәптер,мақал-мәтелдер,суреттер |
Сабақ барысы Ұйымдастыру кезеңі Тыныштық сәті: Тыныс алу. Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз. Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз...,арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...
Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет)
Жұмбақ. Маған да, саған да Жақын,туыс адамдар. Бәрі де өз жұртың, Айтыңдар олар кім? -Отбасы. -Дұрыс айтасыңдар,балалар.Бізге ең жақын, ең қымбат жандар отбасында тұрады.Ата, әже,әке, ана,аға,әпке,сіңлі, қарындас-осылар отбасы болып саналады.Олар бір-бірін жақсы көреді,сыйлайды және қамқорлық жасап жүреді.Отбасы тақырыбында мына әңгімеге құлақ салайық: Саябақта баласы мен әкесі серуендеп жүреді: Әкесі баласынан: -Балам мынау ненің даусы?-деп сұрайды. -Ол құстың даусы ,- деп жауап береді. Сәлден кейін әкесі тағы сұрайды.Бала әуелгі жауабын қайталапты.Әкесі сұрағын тағы да қайталағанда баласы : -Ол құс,құс! Өзім шаршап келе жатқанда,неге сұрай бересің,-деп баласы ренжіпті.Сонда әкесі: -Балам кішкене кезіңде ауыр тірліктен шаршап келгенде сенің»Анау не? Мынау не?»деп күніне жүз рет сұрйтын сұрағыңа беті қайтпасын деп үнемі жауап беретінмін. *Әке баласына неге ренжіді? *Сен әкеңе не деп жауап берер едің? *Әкемді ренжітіп алған жоқпын ба? Сонда отбасыңның ұйытқысы,берекесі,мейір-шапағат көзі-әке.»Әке –асқар тау»дейді халқымыз. Әке туралы мақал-мәтелдер айту. Ана туралы мақал-мәтел айту. «Ана-сая бағың,Әке-асқар тауың»,-дейді халқымыз.Сондықтан да жанұяның екі тірегі әлпештеген әке мен аялаған ана.Сондықтан да оларды құрметтеуіміз керек.
2 рет ұлдарға, 2 рет қыздарға қайталатамын. Осы дәйексөзден қандай ой түйдіңіздер? Мұғалім сыйы.Әңгімелеу Таным тағылымы (аңыз әңгіме) 1.Данышпандардың өмірлік қағидалары қандай? 2.Қай таным жандарыңа жақын? 3.Сендер танымның қай жолын таңдап алар едіңдер? 1.Есті болу үшін адамға қандай қасиеттер керек? 2.Жан дүниемізде ішкі тыныштық қай кезде орнайды? 3.Өздеріңді өздерің қалай тәрбиелеп жүрсіңдер?
Шығармашылық жұмыс. «Менің өмірлік ұстанымым» ой пікір айту
Топпен ән айту: «Мен әдепті баламын» әні С:А.Асылбеков Ә:И.Нүсіпбаев Мені үлкендер әдепті деп мақтайды, Мінезімнен теріс қылық таппайды. Ал егер сен жалқау болсаң тілазар, Ондай әдет жақсылыққа жатпайды. Қ-сы: Айтқан тілді аламын,Айтқан жерге барамын, Мен әдепті,мен әдепті баламын. Қарсы алдынан кесіп өтпей көлденең, Қашанда мен үлкендерге жол берем. Абайсызда қалса біреу сүрініп. Мен сүйеніш боп әрқашан қол берем.
Үй тапсырмасы. 2 сабақ,10 бет «Ата өсиеті» мәтінін оқу. дәптермен жұмысты орындау Сабақтың қорытынды минуты Балалар бүгінгі сабақта айтылған жақсы қасиеттерді жүректеріңізге сақтаңыздар.Сау болыңыздар. |
|