26.08.24-29.08.24 жылдар аралығында "Первомайка ауылының ЖОББМ" КММ балаларға арналған жазғы мектеп өтті. Мақсаты: оқыту сапасын арттыру және шектеу шаралары кезеңінде жіберілген білім олқылықтарының орнын толтыру.
Жазғы мектептің міндеттері: - Білім алушыларды тұлғалық дамуды және өзін-өзі анықтауды, оқуға және өзін-өзі тәрбиелеуге тұрақты мотивацияны дамытуды қамтамасыз ететін коммуникацияның, ойлаудың және қызметтің заманауи (сабақпен шектелмеген) нысандарына қосу.
-Білім алушылардың білімін, оқу-зерттеу жұмысын игеру, зияткерлік қабілеттерін жетілдіру.
- Білім беру қызметінің Мета-пәндік нәтижелерін (жоба, реферат, сайт, жарияланым, модель, экспонат, сурет, бұйым және өзге де нысандар)іс жүзінде қолдану тәжірибесін, білімін интеграциялау үшін жағдай жасау
- Оқытудың мәдени-ағартушылық бағытын ұйымдастыру арқылы білім алушыларды Қазақстанның мәдени құндылықтарына баулу;
- Флешмобтарға, спорттық ойындарға және т. б. қатысу арқылы білім алушылардың сауықтыру демалысын ұйымдастыру.