2022 жылғы 1-11 ақпан аралығында «Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік пен Шығармашылық педагогикасы» онкүндігін өткізіледі.
Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының білім басқармаларына
Түркістан облысының Адами әлеуетті дамыту басқармасына
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) 2022 жылғы 1-11 ақпан аралығында«Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік пен Шығармашылық педагогикасы» атты дәстүрлі онкүндікті қоса берілген ұсынымдамаларға сәйкес өткізуді ұсынады.
Аталған онкүндік аясында ағымдағы жылдың 11 ақпанында барлық деңгейдегі білім беру ұйымдарында бір уақытта «Сүйіспеншілік жолындағы өмір» тақырыбында республикалық бірыңғай өзін-өзі тану сабағын өткізуді ұсынамыз.
Сонымен қатар, онкүндік аясында өткен іс-шаралар туралы ақпараттарды фото және бейнематериалдармен бірге күн сайын Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің Facebook және Instagram әлеуметтік желілеріндегі парақшаларына орналастыру үшін жолдау қажет.
Қосымша__парақта.
Вице-министр Б. Асылова