2022 жылдың 4 ақпанында « Первомай ауылының ЖОББМ»КММ «Сабақ әрекеті арқылы оқушылардың жаратылыстану-ғылыми білімдерін қалыптастыру» тақырыбында аумақтық семинар өтті.
Семинардың мақсаты – оқушылар арасында жаратылыстану-ғылыми білімдерді қалыптастырудағы мұғалімдердің тәжірибесін жалпылау және тарату.
Семинар барысында келесі іс-шаралар өткізілді: 7 «Б» сыныбында «Қысқартылған көбейту формулалары» тақырыбы бойынша алгебра сабағы (мұғалім Штейнке Л.В.); 9 «А» сыныбында «Бір өлшемді массив» тақырыбында информатика сабағы (мұғалім Мұхамадиева Л.Н.); «Мақсат қою. Блум таксономиясына сәйкес тапсырмалар құрастыру » тақырыбы бойынша коучинг (мұғалім Сикорская М.В.).
Семинардың қонақтары мектеп мұғалімдері « Камышенка ауылының ЖОББМ», «Петровка ауылының ЖОББМ», «Лозовое ауылының ОББМ».
Семинар соңында семинарға қатысқан барлық мұғалімдерге қатысқаны үшін сертификаттар берілді.