«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі  Первомайка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 
Коммунальное государственное учреждение   "Общеобразовательная школа села Первомайка отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

 

      

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ұстаз арманы»

08.01.2018

                                   «Ұстаз арманы»

 « Ұстаз… жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, ешнәрсені ұмытпайтын… алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі…, мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ…, жұрттың бәріне… жақсылық пен ізгілік көрсетіп…қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек

болуы керек»  деп Әл-Фараби айтқандай  ұстаз әрқашан оқушы санасында «ұстаз» болып мәңгі қалмақ.
Менің ойымша ұстаз болу үлкен сезім. Мамандықтардың ішінде білімділікті,  шеберлікті, шәкіртжандылықты қажет ететін мамандық  – ұстаздық мамандығы. Ұстаз  еңбегі  таңғажайып өнер.Үнемі шәкірттерінің  білімдерін  шыңдасам дейді. Осы іске деген қызығушылық пен сүйіспеншілік қана оларды  небір қиын әрекеттерге жетелейді, іске батыл кірісуге септігін тигізеді. Нәтижесінде бірнеше жас жүрекке мәңгі ұстаз болып қалады. Ұстаздың қарапайымдылығы, мәдениеттілігі, әдептілігі , жинақы іс-әрекеті, білімі шәкіртке де, ата-анаға да, жұртшылыққа да өнеге болып қала бермек. Сондықтан да ұстазды әр баланың жан-дүниесін танып-білуші әрі оны жеке тұлға етіп қалыптастырушы, ел болашағының мүсіншісі деуге болады. Ұстаздың осыншама қадір-қасиет, құрметке бөленуі өзін қоршаған орта мен әрбір шәкіртіне асқан сезімталдықпен, жауапкершілікті  қарым-қатынас жасауында деп білеміз.

Елбасымыздың  «Дипломмен ауылға» бағдарламасы  бойынша 2017 – 2018 оқу жылында Ақмола облысы, Астрахан ауданы, Первомай орта мектебінің ұстаздар қауымы жас мамандардың қатарымен  толықты.
Сондай ұстаздың  бірі жас маман  – Ғапбасов Нұргелді Жұмабекұлы.Мамандығы  - дене шынықтыру  пәнінің мұғалімі. 1995 жылы  Қостанай облысы, Амангелді ауданы , Қарасу ауылында дүниеге келген.Жоғарғы білім ордасын Арқалық қаласындағы  Ы.Алтынсарин атындағы  педагогикалық институтының  «дене мәдениеті және спорт мамандығы» бойынша  бітірген. Ал екінші жас маман  - Таңатқан Әсем Қайыржанқызы. 1995 жылы Қостанай облысы, Амангелді ауданы , Байғабыл ауылында дүниеге келген.Арқалық қаласындағы  Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің  «Бастауышта оқыту» мамандығын бітірген.Жоғарғы білім ордасын аяқтағаннан соң Нұргелді Жұмабекұлы мен Әсем Қайыржанқызы отбасын құрған. Қазіргі таңда  Нұргелді Жұмабекұлы  мен Әсем Қайыржанқызы  жұмыс атқарып  жүрген  білім мекемесі  «Первомай орта мектебі».Екі маман да өз мамандығы бойынша  жұмыс атқаруда.Нұргелді Жұмабекұлы мен Әсем Қайыржанқызының  арманы  білікті ұстаз болу. Екеуі де   -  өз пәнін, барлық шәкіртін  шексіз сүйетін ұстаз. Міне, осындай жағдайларды ескере келіп, кəсіптік мəдениетінің өрістеуіне , «Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі» деп  Ыбырай Алтынсарин  айтқандай Нұргелді Жұмабекұлы  мен Әсем  Қайыржанқызы «мектептің жүрегі» болып биіктерден көріне берсін. «Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі. Мектебімізді таза, берік һәм өз жанымызға  үйлесетін негізде құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай-ақ серттесуге болады» деген Мағжан Жұмабаев ақынымыздың қанатты сөзіне тоқтала келе,  келешек жас буынның  тәуелсіз мемлекетте жаңашыл мұғалімдерден білім алып, болашақтарының жарқын болуына тілегіміз шексіз!

Авторы:  «Первомай орта мектебі» ММ  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі  Бекмурадова Меруерт Клычбаевна

Просмотров: 507


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст