Кітап білімнің қайнар көзі. Онсыз, яғни кітапсыз өмір сүру XXI ғасырда мүмкін емес екендіге мәлім. Кітап қана дәл мәнді білім береді, себебі ол адамды терең ойлауға жетеледі. Әр адам кітаптың беттін ашқан сайын оның әлемінің тылсым табиғатын, жаңа құндылықтарын үйренеді . "Наданмен дос болғанша, кітаппен дос бол" деп текке айтылмаған. Кімге де болса білімділікке сәл-пәл болсада құштарлығын дамытуға көмектеседі. Кітап оқыған адамның шетте калмасы анық.
Кітап – байлық, қазына дейміз. Бұған ешқандай шүбә келтіруге болмайды. Бірақ қазір заман басқа. Технология қарыштап даму үстінде. Компьютерлендіру кең қанат жайған. Ғаламтор қызықтарына кенеліп жатырмыз. Әлеуметтік желілер әлемді құрсап алған.
Дегенмен, осындай өзгерістерге қарамастан кітаптың құны түсті деп айта алмаймыз. Ол қандай заманда да мәнін жоймауы тиіс. Кітап – ізгілікке, жақсылыққа бастайтын жол. Кітап арқылы сана-сезіміңді түзейсің. Жақсы-жаманды айырасың. Өмірді, қала берді өзіңді түсінесің. Кітап қашанда саналы да сергек азаматтың сырласы, жан серігі болып қала береді.
Кітапханамыз балаларға арналған қызықты кітаптарға бай. Қазақ ертегілері, жануарлар әлемі, әлем ертегілері де бар. Бұлар балаларды қызықтыратыны анық. Біздің мектеп кітапханамызда кітапты сүйіп оқитын, жиі кітап алатын оқырмандар баршылық. Соларды атап айта кетер болсам: Ниязов Қайрат, Ефименко Милла, Степахина Милана, Балтик Дарья, Нуржанов Кайрат, Зерских Данил, Матвеева Диана, Эйхорн Алина, Имар Зубайр, Мисиюк Александра, Горбунова Кристина, Зерских Анастасия, Савицкая Ева, Идызова Альфия, Идызова Руфия, Идызова Джамиля, Нұрадин Арман, Құрбанәлі Нұрсайын, Мазыбек Жанболат, Хайпхан Айым, Бектібой Абылай т.б.