«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі  Первомайка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 
Коммунальное государственное учреждение   "Общеобразовательная школа села Первомайка отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

 

      

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Көмектес септік

30.01.2017

 

Сабақтың тақырыбы: Көмектес септік.

Сабақтың мақсаты: көмектес септігімен таныстыру.Оның сұрағы мен жалғауларын меңгерту.

Сабақтың міндеттері:

А) Көмектес септігі сөйлем ішінен таба білуге үйрету.Сөйлемде қай мүше болып тұрғанын және

қай сөзбен байланысып тұрғанын анықтау.

Ә) Дамыта оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін пайдалана отырып, оқушылардың теориялық

ойлау,тілін,шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Б) Оқушыларды оқу-білімге шақыру,табандылыққа,жігерлікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: талдау, жинақтау,түсіндіру.

Көрнекіліктері: слайд, карточка.

Сабақтың барысы:            

  І.Ұйымдастыру кезеңі.

Қызығушылықты ояту.

Қайырлы күн, балалар !    

Қайырлы күн, қонақтар !                    

Көңілді өтсін күніміз  

Күн мен айға әлемнің

Берем ыстық сәлемін                      

Ауа мен жер анама,

Сәлем берем иіліп.                       

Сәлем берем достарға                 

Қонақтармен баршаға!                 

ІІ.Бағдарлау-мотивациялық кезең.

-Үйге қандай тапсырма берілді?

-Шығыс септігін оқып келу.

Тірек сызбамен жұмыс.

Түбірден тұратын табиғат сөзіне бірнеше қосымшалар жалғап, сөз шығарайық. (Жалғауларды стрелканың тұсына жазады)

Табиғат

  -«Табиғатпен «деген сөзге сұрақ қойыңдаршы?

-Немен?

-Бұл қай септіктің сұрағы?

-Көмектес септік.

-Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Көмектес септік»жайлы түсінік беру.

ІІІ.Операциялық-орындаушылық кезең.

1.Күннің жады мен жаңа сабақ тақырыбы жазылады

Көркем жазу.

Батырлар жыры  белгілі бір әуенмен  ұзақ айтылады.

-Оқулықтағы   15-  беттегі  1-жаттығуға қараңдар. (жазбаша)Тақтамен жұмыс.

Қоғамдық көлікпен жүру ережелерін білесің бе? Үлкен адамдармен қашанда»сіз» деп сөйлес. Әміре

халық әндерін үлкен сезіммен шырқады. Әсет басқа ақындармен айтысқанда ,өзінің білімділігін байқатты.

2-жаттығу. (ауызша).

Желмен ұшып жетеді,     

Желмен ұшып  кетеді. (қаңбақ)

Таңмен көзін ашады,   

Әлемге нұрын шашады.     (Күн).

Қазір мен сендерге жұмбақтар жасырамын, сендер оны табасыңдар.

Қалпағы бар дөңгелек,

Сары гүлмен қоршалған.

Қарай-қарай күнге ерек, Мойны талып шаршаған.   (күнбағыс).

2. Қайқы тұмсық қос табан,

Қос таяқпен ұштаған.

Итерсең,алға зулайды,            

Шойын жолдан аумайды.(шаңғы).

Сергіту сәті.

Бір ,екі, үш ,               

Бір, екі, үш,

Ал, қанеки ұш.   

Төрт, бес, алты, жеті,  

Төрт, бес, алты, жеті,

Анау ауыл шеті.

Сегіз, тоғыз, он, Сегіз, тоғыз, он,

Ал қанеки қон.

Одан әрі сабағымызды жалғастырамыз.

3 -жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазу. Көмектес септіктегі сөздерді тауып,қосымшаларын белгіле.

Барлық ат күміс ер-тоқыммен ерттелген. Әжесі Гауһармен музейге барды. Алмагүл сыпырғышпен еден

сыпырып жүр. Ғани Әсетпен шахмат ойнады. Бұл шипажайда адамдар қымызбен емделді.

4-жаттығу. Ауызша.

Егістікте қыста қарды трактормен тоқтатады. Дәулет балықты қармақпен аулады. Шынар Астанадан ұшақпен ұшып келді. Әселдің әжесі инемен түйме қадады. Дариға көйлегін үтікпен үтіктеді.

5-жаттығу.

Сүлгіні сүрту.  Сүлгіні алу.    Сүлгіні бүктеу

Сабынмен жуу             Сабынды сатып алу            Сабынның көпіршігі

Қарындашты ұштау     Қарындаштың түсі            Қарындашпен жазу

Қармақпен салу            Қармақты ілу             Қармақпен ұстау

6-жаттығу. Тиісті қосымшаларды қойып,сөйлемдерді көшіріп жаз.

Жастықты  аяқпен баспайды. Сыпырғышпен адамды ұрмайды. Итке ожаумен ас құймайды, үйдің берекесі кетеді.

Балалар бұдан басқа тағы қандай тыйым сөздерді білесіңдер.

Бесікті аяқпен тербетпе.

Есікті аяқпен жаппа.

Отпен ойнама.  Бесікті бір қолмен көтерме.  

Шығармашылық жұмыс.

Әні қанаты болған.

Мәтінді оқы. Көмектес септіктегі сөздерді тап.

«Асыл пышақ қында жатпас» дегендей, күмістей сыңғырлаған,бұлақ суындай мөлдір әнімен Манарбек

Алматы халқының назарын бірден аударды. Манарбек білім мен өнерін шыңдау үшін оқуға түсті. Оқи жүріп, театр сахнасына да жиі-жиі шығып тұрды. Бұл арада ол үлкен ұстаз,атақты әнші Әміремен дидарласты. Оның ән салу мәнерімен танысты. Әншімен бірге ел аралады.

Кең дала. Жолаушылар пойызы темір жолмен зулап келеді. Бұл-Манарбектің пойызбен бірінші рет сапарға шығуы. Манарбек осы сапарда домбырасын қолынан тастамады.Сөйтіп, ол бірнеше күн асқақ даусымен ән шырқап,домбырасын да өзіне  тән екпінмен сөйлетті.

Слайд.

Көмектес септігіндегі зат есімдері бар қандай мақал-мәтелдерді білесіңдер?

1.Жаңбырмен жер көгерер, Батамен ел көгерер.

2. Әдепсіз бала             Ауыздықсыз атпен тең.

3.Ақылды қария           Жазып қойған хатпен тең.

4. Кішіпейіл болғанмен,       Кішірейіп кетпейсің.

5. Өркөкірек болғанмен,     Ұлылыққа жетпейсің.

6.Қыз қылығымен назды.

Тест сұрақтары.

1.     Қазақ тілінде қанша септік бар?

А) 6                      ә) 7                            б) 5

2. Көмектес септігінің сұрақтары қандай ?

А) кіммен ? немен?         Ә) кімге?  Неге?            Б) кімнің? Ненің?

3. Көмектес септігінің жалғаулары қандай?

А) -нан,- нен,- тан           ә) –мен,-бен,-пен      б) –да,-де, -та

4. Атау септігінің жалғауы бола ма?

А) болады             Ә) болмайды         б) екеуіде

5. Көмектес септігіндегі сөзді тап.

А) Жастықты               Ә) Аяқпен               Б) баспайды

  Сабақты пысықтау:

Қазір мен сендерге бір-бірден сөз беремін немесе жасыл ашық хаттың ішінде сөздер бар.Сол сөздерді

тез-тез септіктерге қойып септейміз .Сол арқылы бүгінгі сабақты қаншалықты меңгергенімізді анықтаймыз.

 

Просмотров: 339

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст