Текст
Первомай орта мектебінің ұжымы «Сыбайлас жемқорлықпен күресу – әрбір азаматтың міндеті» тақырыбында дәріс тыңдады. Мектеп директоры Нысанбаева Ж.Г дәріс оқыды. Мектеп директоры өз сөзін сыбайлас жемқорлық ұғымын талдаудан бастады, жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығын анықтады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруды жастайынан қолға алу керектігін атап өтті. Дегенмен, жас ұрпақты өмірге дұрыс көзқараспен тәрбиелеуге теледидар, мектеп, университет, ең соңында мемлекеттің өзі де жауапты. Ең бастысы, оқушының адал еңбегі – жақсы маманның кепілі.Соңында директор қадап айтты.