Текст
"Адалдық сағаты" тақырыбында сынып сағаттары өтті. Мақсаты: Жауапкершілік, борыш, сүйіспеншілік, отбасы мен достарына деген құрмет сезімін тәрбиелеу. Оқушыларды адамгершілік қасиет – «адалдық», бұл қасиеттің адам өміріндегі мәнімен таныстыру, балаларды адалдықтың әртүрлі көріністерімен таныстыру. Танымдық белсенділіктерін дамыту, көру жады мен зейінін дамыту, қоршаған әлем туралы білімдерін кеңейту, сөздік қорын байыту.